13.07.2018, 0:13 711 «Ертіс» сырт алаңда литвалық клубпен тең түсті


«Тракай» - «Ертіс» - 0:0

Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінің алғашқы матчында павлодарлық «Ертіс» сырт алаңда Литваның «Тракай» командасымен тең ойнады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Павлодарлық футболшылар алғашқы ойында оң нәтижеге қол жеткізуді көздеді. Кездесуде қорғанысқа көңіл бөліп, шабуылды ұмытпаған «Ертіс» те, «Тракай» да жеңіске жетуі мүмкін еді. Дегенмен тең есеп біздің команданың келесі айналымға шығуына жақсы мүмкіндік қалдырып отыр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал