17.10.2018, 6:19 890 Есу слаломы: Эльнұра Нұрланова 1/4 финалға өтті

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында ескек есушілер соңғы жүлделер жиынтығын сарапқа салуда. Қазақстандық Эльнұра Нұрланова іріктеуді сәтті бастады деп, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрланова есу слаломынан 17 спортшының ішінде алтыншы орыннан көрінді. Осылайша, жерлесіміз тікелей 1/8 айналымға жолдама алды.

Кейін чилилік спортшымен жарысқан Нұрланова ширек финалға өтіп, словакиялық спортшыға қарсылас атанбақ. 

Еске сала кетейік, жекелей сында Нұрланова төртінші орын иеленген болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал