19.02.2018, 12:45 1016 Еуропа лигасында Стоиловтың бірде-бір алмастырған ойыншысы нәтиже көрсетпеген

Осы маусымдағы Еуропа лисында «Астана» футбол клубының қосалқы құрамнан ойынға қосылған бірде-бір ойыншысы нәтиже көрсетпеген, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Елорда командасының бас бапкері Станимир Стоилов ойыншы алмастыруға келгенде біраз қиналатын көрінеді.  Еуропа лигасының топық кезеңіндегі 6 ойын және кешегі плей-оффтағы кездесуде де болгариялық маманның матч кезінде шығарған ойыншылары  түк бітірмеген.

Ағымдағы еуромаусымда Стоилов 20 рет  ойын ортасында футболшы алмастырғанын айта кеткіміз келеді.  Кездесудің бел ортасында ең көп  алаңға шыққан ойыншы – Роман Мұртазаев.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал