24.08.2018, 12:57 474 Евсеев пен Бублик жұбы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Александр Бублик Азия ойындарында күміске қол жеткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы сында жұптасып өнер көрсеткен теннисшілеріміз финалда үндістандық спортшыларға есе жіберді. 

Рохан Бопанна мен Дивиж Шаран  жұбы 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Бұл біздің теннисшілердің Азия ойындарындағы екінші медалі. Бүгін Данилина/Айнитдинова жұбы қола жүлдеген атанған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал