20.08.2018, 15:59 661 Фариза Алдоңғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Джакарта мен Палембанг қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті. Таеквондошы Фариза Алдоңғарова Азиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалда Фариза тайпейлік спортшы Су Поядан 6:11 есебімен жеңіліп, үздік үштікке енді. 

Осылайша, қазақстандық таеквондошы Азия ойындарының қола жүлдегері атанып отыр.

Ширек финалдық сында жерлесіміз Иран өкілі Шейда Элахені 11:3 есебімен жеңген болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал