08.11.2018, 9:00 376 ФИФА президенті Қазақстан футбол федерациясын «Астананың» чемпион болуымен құттықтады

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбековті «Астана» командасының кезекті рет чемпион атануымен құттықтады.

«Астана» футбол командасы - Қазақстанның 2018 жылғы чемпионы. Команданы қатарынан бесінші рет ие болған атағымен құттықтап, жылы лебізімді білдіремін! Бүкіл футбол қауымдастығының атынан «Астана» футбол клубы мен Федерацияға футболдың позитивті үндеуін таратудағы көмектеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді», - деп жазды Инфантино өзінің құттықтау хатында.

Еске сала кетейік, «Астана» ФК чемпионаттың аяқталуына дейін екі тур қалғанда 2018 жылғы Премьер-Лиганың чемпионы атанды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал