06.04.2018, 11:46 1080 FIFA рейтингінде Қазақстан 17 сатыға жоғарылады

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың кезекті рейтингін жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Айтылған тізімде Қазақстан құрамасы өткен айдағы көрсеткішін жақсартып, 119-шы орынға көтерілді. 

Жаңартылған рейтингте бұрынғыша Германия көш бастаса, Бразилия екінші орында келеді. Ал Бельгия құрамасы Португалияны ығыстырып, үздік үштікке енді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында екі жолдастық кездесу өткізді. Венгрия құрамасына қарсы матчта сырт алаңда 3:2 есебімен жеңіс тойласа, Болгарияға 2:1 есебімен жол берді.

Қазақстан құрамасы жаңартылған тізімде 17 сатыға көтеріліп, 119 орынға жайғасқан. Көш басында Германия құрамасы болса, Бразилия екінші орынға тұрақтаған. Үздік үштікті Бельгия құрамасы түйіндеп тұр. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында екі жолдастық ойын өткізді. Венгрия құрамасына қарсы матчта 3:2 есебімен жеңіске жетсе, Болгарияға 2:1 есебімен есе жіберді.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/231892-aza-stan-ramasy-fifa-rejtinginde-17-saty-a-k-terildi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал