11.06.2018, 9:02 782 ФИФА рейтингті құру жүйесін өзгертеді

ФИФА Ұлттық құрамалардың рейтингін жасау жүйесіне өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Бұл туралы ФИФА отырысынан кейін мәлім болды.
Кеңес мүшелері сейсенбі күні Мәскеуде өтетін ФИФА Конгресінің қарсаңында бас қосты. Күн тәртібіндегі басты мәселе - ұлттық құрамалар рйтингінің есептелуін өзгерту. ФИФА аталмыш рейтингтің жаңартылған нұсқасын ай сайын жариялап отырады. Дегенмен, ол командалардың нақты күшін әркез көрсете бермейді. Әлемнің мықты құрамалары жолдастық матчтарында жеңіске жеткен жағдайда да рейтингтегі позицияларын жоғалтады. Себебі жолдастық матчтар ресми ойындарға қарағанда анағұрлым төмен коэффициентпен есептеледі.
Қолданыстағы формуланың кемшіліктері әлем чемпионаттарын қабылдайтын, бірақ соңғы екі жылда тек жолдастық матчтарын өткізген ұлттық құрамалардың да рейтингіне кері әсерін тигізуде. Мысалға, ресейлік құрама соңғы жылдары рейтингтегі орындарын жоғалтып келеді. Ал ФИФА-ның маусым айындағы тізімінде 70-інші орынға бірақ сырғыды.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал