20.07.2018, 13:33 628 Фируза Шәріпова испаниялық Мириам Гутьерреспен жұдырықтасады



WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver бойынша екі түрлі салмақ категориясында бақ сынасатын Фируза Шәріпова 4 тамыз күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы M-1 аренасында өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі  Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Шәріпованың менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді.

«Біз M-1 аренаны таңдадық. Жекпе-жекке арналған жаңа спорт алаңы талаптарға толық жауап береді. Біз трибунадағы жанкүйерлер, сонымен қатар, телекөрермендер үшін үлкен шоу жасауға тырысудамыз. Жекпе-жектің трансляциясына әлемнің түкпір-түкпірінен өтініш түсіп жатыр. Бокс кеші 100-ден аса елде тікелей эфирде көрсетіледі. Фируза –әлемга танымал, оның шайқасын барлығы күтуде», – деді Шарипованың менеджері.

Өз кезегінде Фирузаның қарсыласыМ.Гутьеррес Испания чемпионы, Әлем және Еуропа чемпионатының жүлдегері. Кәсіби бокста 7 рет жұдырықтасқан. Жеті жекпе-жекте де жеңіс тұғырына көтерілген. Оның 3-де қарсыласын уақытына жетпей тізе бүктірген.

Фируза Шарипова Испаниялық Мириам Гутьерреспен жұдырықтасады

қайнар көз: https://kazsport.kaztrk.kz/news/boxing/firuza-sharipova-ispaniyalyq-miriam-guterrespen-zhudyryqtasady-115471
Кез келген материалды қолданған жағдайда мына сілтеме көрсетілуі тиіс https://kazsport.kaztrk.kz
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал