31.07.2018, 18:22 740 Фируза Шәріпова туралы деректі фильм көрерменге жол тартты

Фируза Шәріпова туралы деректі фильм көрерменге жол тартты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Бокстан екі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипова өзінің келесі жекпе-жегін 8 қыркүйекте өткізеді. Оған Мириам Гутьеррес қарсы тұрады.

Айта кетейік, испаниялық спортшы өзінің спорттық жолында әлі жеңілістің кермек дәмін тартып көрмеген.

Сондай-ақ, елордада Фируза Шәріповаға арналған деректі фильм көрерменге жол тартты. Онда боксшының үлкен спорттағы алғашқы қадамдары жайлы баяндалады. Сонымен қатар, көркем туындыда тартысты жекпе-жектер және Фирузаның өміріндегі жарқын сәттер көрініс тапқан.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал