09.09.2018, 1:14 805 Фируза Шәріпова WIBA атағын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова Санкт-Петербург қаласында өткен кезекті жекпе-жегінде танымал ресейлік қарсыласын жеңіп, WIBA атағын жеңіп алды.

WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver белбеулерінің иегері қазақстандық Фируза Шарипова (8-1, 4 КО) мен ресейлік Юлия Куценконың арасындағы жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқтады. Бокс кешін Қазақстанда «Хабар» телеарнасы тікелей трансляция жаса, оны әлемнің 100-ден астам елі тікелей эфирде көрсетті. Бокс кеші 8 қыркүйекте Санкт-Петербургте «А2» аренасында өтті.

Бокс кешінің нәтижесінде қазақстандық боксшы қыз қарсыласы Куценконы кәсіби бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты. 10 раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.

Осылайша, отандасымыз өзінің титулдарын қорғап ғана қоймай, жеңіл салмақта WIBA чемпионы атағына ие болды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал