27.07.2018, 18:16 726 Фируза Шәріпованың келесі жекпе-жегі өтпейтін болды

Фото - boxmir.com

Екінші жартылай жеңіл салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипованың (8-1, 4 КО) алдағы жекпе-жегі өтпейтін болды, бұл туралы боксшының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Шарипова 4 тамыз күні Санкт-Петербург қаласындағы «М-1 Аренада» испан боксшысы Мириам Гутьерреспен жекпе-жек өткізуді жоспарлаған. Алайда бұл кездесудің өтпеу себебін қазақстандық спортшы 31 шілде күні Астанада өтетін баспасөз мәслихатында хабарлайды.

Еске сала кетсек, Шарипованың соңғы жекпе-жегі 30 желтоқсанда Алматы қаласында өтті. Ол кезде бельгиялық Джемилла Гонтарюкиі (13-5-1, 2 КО), жеңіп WBC Silver және IBO вакантты титулдарына ие болды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал