27.06.2018, 16:31 782 Фоминых жекелей сында Қазақстан чемпионы атанды

Алматыда тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталды. Бүгін біріншіліктің алғашқы жеңімпазы мен жүлдегерлері да анықталып үлгерді. Даниил Фоминых 50 шақырмға арналған жекелей сында чемпион атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Ол бұл қашықтықты 1 сағат 3 минут 42 секундта жүріп өткен. Даниилдан бір минут 7 секунд қалып қойған Игорь Чжан екінші, Андрей Зейц үшінші орынды иеленді. Жандос Бижігітов (1:05:22,32) төртінші, Алексей Луценко (1:05:25,03) бесінші болып мәре сызығын кескен.

Бүгін әйелдер мен жасөспірімдер арасындағы жекелей сын бәсекелері өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал