16.06.2018, 18:58 666 Франция тартысты кездесуде Аустралиядан басым түсті

Франция құрамасы аустралиялықтарды топтық кезеңнің алғашқы ойынында 2:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Матчтың 58-ші минутында Францияның шабуылшысы Антуан Гризманн пенальтиді сәтті орындап, есепті ашты. Көп ұзатпай Аустралия құрамасының көшбасшысы Миле Йединак есепті теңестірді. Айта кету керек, ойындағы екінші гол да пенальтиден соғылды.  

На 58-й минуте игрок сборной Франции Антуан Гризманн забил первый гол с пенальти. Буквально через пять минут ответный гол также с пенальти забил в ворота Франции австралиец Миле Йединак. Кездесу аяқталуға 10 минут қалғанда Поль Погба таблодағы есепті өзгертіп, командасына жеңіс сыйлады.

Енді Франция «С» тобының бірінші орнына шықты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал