15.02.2018, 18:52 856 Фристайлшылар финалға шыға алмады

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында жарыс жолына шыққан фристайлшылар финадық сынға өтпей қалды, «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Қазақстан атынан қыздар арасында фристайл-акробатикадан Жанбота Алдабергенов, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт және Аяна Жолдас сынға түскен еді.

Бірінші іріктеу кезеңінің қорытындсы бойынша Алдабергенова 12-орын (81.07 ұпай), Ақжігіт 14-орын (79.17 ұпай), Қалмаұрза 21-орын (58.58), Жолдас 23-орын (51.01) иеленді.

Бұл сында жолы болмағандарға екінші мүмкіндік беріледі.

Екінші іріктеу кезеңінде Алдабергенова 85,36 ұпай алып, 7-орынды еншіледі. Маржан Ақжігіт 70,20 ұпаймен 12-орынға табан тіреді, ал Ақмаржан Қалмұрзаева 16-орын (47.32), Аяна Жолдас - 18-орынға (57.98) тұрақтады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал