24.03.2018, 19:38 942 Фуркад Тюменьдегі ізге түсу сайысында топ жарса, Еремин - 41-ші келді

Ресейдің Тюмень қаласында биатлоннан Әлем кубогының соңғы кезеңінде ерлер арасындағы ізге түсу сайысы аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Пасьютте жеңіс франциялық Мартен Фуркадқа бұйырды. Екінші орында норвегиялық Йоханнес Бе. Үздік үштікті италиялық Лукас Хофер түйіндеді.

Қазақстандықтар арасында ең жоғары нәтижені Роман Еремин көрсетті – 47-ші. Владислав Витенко жарысты 53-ші орында аяқтады.

Биатлоннан Әлем кубогының IX кезеңі, Тюмень, Ресей

 Ерлер
 

Ізге түсу, 12.5 шақырым

1. Мартен Фуркад (Франция) – 32:09.7

2. Йоханнес Бе (Норвегия) – +47.9

3. Лукас Хофер (Италия) – +1:08.4

…47. Роман Еремин (Қазақстан) – +6:01.3

 

53. Владислав Витенко (Қазақстан) - +6:34.4

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал