05.07.2018, 12:31 429 Футболдан ӘЧ ойындары «Қазмедиа орталығы» экранынан көрсетіледі

Футболдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары «Қазмедиа орталығының» LED-экраннан көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Уругвай мен Франция арасында матчты трансляциялау 6 шілде күні сағат 20:00-де басталады. Одан төрт сағаттан кейін Бразилия мен Бельгия арасындағы ойынды тамашалай алады. Ал 7 шілде күні сағат 20:00-де Англия мен Швеция ойнайды. 7-нен 8-іне қараған түнгі сағат 00:00-де «Қазмедиа орталығы» Хорватия мен Ресей құрама командалары арасындағы ойынды көрсетеді.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал