11.07.2018, 19:58 95 Футболдан ӘЧ жартылай финалына түркиялық қазылық етеді

2018 жылғы Әлем чемпионатының Хорватия және Англия құрамалары арасындағы жартылай финалдық кездесуін түркиялық төреші Жүнейт Чакыр қазылық етеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

41 жастағы төреші ерекше қаталдығымен танылған. Алдағы кездесу Чакырдың биылғы Әлем чемпионатындағы үшінші матчы болмақ. Бұған дейін топтық кезеңнің 1-турында В тобының өкілдері - Марокко және Иран құрамалары арасындағы кездесуді басқарған. Парсылар 0:1 есебімен жеңген сол ойында Чакыр ойыншыларға 4 сары қағаз көрсеткен. Ал 3-турда D тобындағы Нигерия - Аргентина матчында (1:2) ойыншыларға 5 рет ескерту берген.

Еске сала кетейік, ойын Астана уақытымен 00:00-де болады. Оны тікелей эфирден Qazsport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал