24.10.2018, 17:21 4809 Футзал төрешілері сынақтан өтті

Щучинск қаласында Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаменті футзалдан Қазақстан Чемпионатында қызмет атқаратын төрешілерге арналған оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу жиыны соңғы екі жылда екінші рет ұйымдастырылды. Жиынға қатысқан 14 төреші ФИФА және УЕФА талаптарына сәйкес дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырды.

Қазіргі таңда төрешілердің дене даярылығы Қазақстан чемпионаты мен халықаралық жарыстардың ойынында қызмет атқару талаптарына толықтай сай емес. Төрешілерге кәсібиі біліктілігін дәлелдеу үшін сынақты қайта тапсырады.

Алдағы маусымда он төрт төрешінің үшеуі халықаралық турнирлердің ойындарына тағайындалуы мүмкін.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал