14.03.2018, 11:42 6719 Футзалдан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Алматыда тамыз айының 19-26 аралығында ТМД елдері тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында әлем чемпионатының   жалауы желбірейді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ХАБ-қа сілтеме жасап.

Теңбіл  доп додасының алып шаһарда өтуі туралы FISU мен Қазақстан студенттер спорты федерациясы және Ұлттық студенттер лигасы арасында  келісімшарт  бекітілді.

Бұл чемпионат 1984 жылдан бастап Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) қамқорлығымен екі жылда бір рет өткізіледі. Қазақстан қыздар және ұлдар арасында болатын жарысқа өтінім білдіріпті.  Алты құрлықтың  басын қосатын  бәсекеге 16 ұлдар және 12 қыздар командасы бақ сынайды деп күтілуде. Ол дегеніміз 500 қатысушы, осы чемпионаттың рекорды болып саналады.

Қазіргі танда, осыған орай ұйымдастыру комитеті іске қосылып, арнайы wucfutsal2018.com вебсайты ашылған.  Сонымен қатар, FISU-дың келісімімен ӘЧ логотипі, хабарламалар, инфогайд, маскот, медалдар бекітілді.

Айта кетейік, қазір Алматыда жұмыс бабымен Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) өкілдері келіп, спорттық нысандарды аралап, қонақ үйлердің  сапасын көрді.

Футзалдан әлем чемпионаты ойындары Almaty Arena және Halyk Arena спорт кешендерінде өтеді. Спортшылардың дайындығына арналған 4 база қарастырылған. Теңбіл доп додасы  Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен  ұйымдастырылады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал