14.04.2018, 15:06 723 Галина Воскобоева Луганодағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева мен чехиялық Кристина Младенович Луганодағы WTA турнирінің жұптық сайысында жартылай финалға шықты,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ширекфиналда олар румыниялық Ралука-Йоана Олару мен британиялық Анна Смитті жеңді - 7:5, 6:4.

Енді жартылай финалда Воскобоева мен Младенович бельгиялық Кирстен Флипкенс және Элиза Мертенс жұбымен кездеседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал