24.05.2018, 15:01 893 Гандболдан XXVI Қазақстан чемпионаты өтеді

Мамырдың 26-сы  мен маусымның 1-і  аралығында гандболдан ерлер  мен әйелдер  арасында XXVI Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ХАБ-қа сілтеме жасап.

Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар қатысады. Супер лигада 23 жастан жоғары гандболшылар ойнайды. Яғни, «Алматы», «Астана», «Кайсар», «Шымкент»  әйелдер командалары  өнер көрсетеді. Сонымен қатар, жоғары және супер лиганың ерлер командалары өзара мықтыны анықтайтын болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал