16.08.2018, 18:44 538 Гандболшы қыздар тартысты матчта Қытайды жеңіп кетті

Джакарта мен Палембангта Азия ойындарындағы командалық спорт түрлері басталып кетті. Бүгін гандболдан Қазақстан қыздар командасы топтық кезеңдегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қытай командалары арасындағы кездесудің тартысты өткеніне күмән жоқ. Себебі, сәт сайын командалар алма-кезек алға шығып отырды. Одан бөлек, бір-бірінен көп ұпайға ұзап кетуіне мүмкіндік берген жоқ.

Бірінші кезең 11:11 есебімен тең аяқталса, екінші кезеңде қазақстандық команда 16:15 есебімен басым болды. Айта кету керек, гандболшы қыздар жеңісті соңғы секундта жұлып әкетті. Осылайша, қорытынды есеп 27:26, Қазақстанның жеңісі. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал