17.08.2018, 14:51 886 Герасименко әлемдік серияны жеңіспен бастады

Қазақстандық Кирилл Герасименко үстел теннисінен Болгарияның ашық біріншілігінде сынға түсіп жатыр. Біздің спортшымыз алғашқы айналымды сәтті бастады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Панагюриште қаласында өтіп жатқан чемпионаттың іріктеу айналымына 168 теннисші қатысқан болатын. Герасименко келесі кезеңге өткен 16 спортшының қатарына енді. 

Бірінші кезеңде жерлесіміз тәжірибелі ресейлік спортшы, жұптасып өнер көрсетуде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Кирилл Скачковпен кездесті. 

Екі спортшы арасындағы бәсеке тартысты өтіп, 4:3 есебімен жеңіске жеткен жерлесіміз келесі айналымға жолдама алды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал