20.05.2018, 17:23 654 Герасименко Бангкоктегі турнирде жүлдегер атанды

Үстел теннисінен Қазақстанның көшбасшысы Кирилл Герасименко ITTF Challenge әлемдік серия турнирінде үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Қазақстанның Үстел теннисі федерациясына сілтеме жасап.
Турнирдің сыйақы қоры 40 000 долларды құрайды.
Жартылай финалған дейін Кирилл Давид Сердароглу (Австрия), Ю-Хсин Фенг (Тайвань), Федор Кузьмин (Ресей) және Су Шиді (Гонконг) жеңді. Ал ширек финалда Герасименко қытайлық Сюй Жуйфенгке 2:4 есебімен жол беріп, турнирді үшінші орынмен аяқтады.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал