13.02.2018, 15:32 1251 Гимнастикадан жарыс өтеді

Ақпанның 14-15 күні аралығында № 9 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде спорттық гимнастикадан «Қазақстанның гимнастика Федерацисы Президентінің VI Кубогы» жарысының жалауы желбірейді.

Бұл туралы ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлады.

Айтулы доданың басты мақсаты – Қазақстанда спорттық гимнастиканы дамыту және елге таныту, сонымен қатар үздік спортшыларды анықтау, қатысушылар мен төрешілердің шеберліктерін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Жарыс «Қазақстанның гимнастика федерациясы» қоғамдық ұйымының және Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізіледі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал