23.06.2018, 11:36 821 Гивхэн қазақстандық боксшының лас іс-әрекетіне шағымданды

Фото - MLive.com

Америкалық боксшы Николас Гивхэн (21-2-1, 11 КО) қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбовтан (14-0, 12 КО) жеңілісі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Өзінің кезекті жекпе-жегінде Эюбов америкалықтан айласын асырып, IBF чемпиондық титулын жеңіп алған еді. Алайда, Гивхэн қарсыласының іс-әрекетіне көңілі толмай, оның жеңісін әділ деп санамайды.

«Жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңілдім. Басымды тоқпақтап, гонгтан кейін соққы жасады. Мен мұны дұрыс емес деп санаймын. Әлі кеткен есені қайтарамын. Қара да тұрыңдар» ,- деп жазады Гивхэн өзінің Facebook желісінде.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал