15.10.2018, 7:50 809 Глеб Брусенский Аргентинадағы топтық жарыста жеңіске жетті

Қазақстандық велошабандоз Глеб Брусенский Аргентинада өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында топтық жарыста бірінші келді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол 63,9 шақырымдық қашықтықты 1:30:58 уақытымен жүріп өтті. Тағы бір спортшымыз Евгений Федоров 1:31:03 уақытымен сегізінші болып мәреге келді. Осылайша Глеб 100, Евгений 20 ұпай еншіледі. 

"Жарыс қиын болды. Барлығы шабуылдауға тырысты. Біз бар күшімізді жұмсап, алға суырылып шыққысы келгендерді тоқтатуға ұмтылдық. Жарыстың соңына қарай Люксембург және Польша спортшыларымен алға шықтық. Бірақ польшалық тез шаршап қалып, Люксембург шабандозымен жақсы жұмыс істеп, топтап ұзап кеттік. Мәреде мен оған қарағанда жылдам болдым", деді Глеб Брусенский.

Евгений Федоров та жарыс туралы ойын білдірді. 

"Алдымен мен алға суырылып шықтым. Одан кейін командаласым Глеб Брусенский сондай әрекет жасады. Ал мен болсам, топтың жылдамдығын бәсеңдетуге. Ол бірінші болып мәреге жетсе, мен шамамен алтыншы-жетінші болдым", деді Евгений Федоров.  

Велошабандоздар әлі үш күн жарысады. Солардың қорытындысы бойынша жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал