30.03.2018, 19:43 872 Головкин 5 мамырға жоспарланған рематчқа қатысты пікір білдірді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) 5 мамырға жоспарланған рематчқа қатысты пікір білдірді.
«Мен 5 мамырда рингке шығуға дайынмын. Қарсыласым «Канело» немесе «Канело» емес». Бұл Головкиннің Альварестің допинг дауына қатысты айтқан сөзі», - деп жазады HBO сарапшысы Рикардо Селис өзінің Твиттердегі парақшасында.
Рикардо Селис қазақстандық боксшымен «Андре Гигант» фильмінің тұсаукесерінде сұхбаттасқан еді.
Еске сала кетсек, Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілген еді. Наурыз айының басында Сауль Альварестен алынған допинг-сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растады.
Головкин мен Альварестің реваншы ағымдағы жылдың 5 мамырына жоспарланған.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал