27.04.2018, 15:27 800 Головкин алдағы айқастан кейінгі жоспарымен бөлісті

Бірқатар тұжырымдар бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулдарының иегері Геннадий Головкин 5 мамырда Ванес Мартиросянмен кездесуден кейін Сауль «Канело» Альвареспен рематч өткізуді өзінің басты мақсаты ретінде атады.
«Канеломен» рематч - боксшылар мен оған қатысы бар адамдарға экономикалық табыс әкелетін әлемдегі ең маңызды жекпе-жек. Егер айқас болатын болса, мен сол күнге дайынмын. «Канело» басымдық болып саналады. Бірақ, мен басқа да Билли Джо Сондерс немесе Джермалла Чарло сияқты боксшылар бар екенін түсінемін. Қазір менің бар ойым 5 мамырға бағытталған, одан кейн не болатынын көре жатармыз. Барлығы бұл жекпе жекті көргісі келеді, мен қыркүйекке дайынмын»,-дейді Головкин.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал