14.06.2018, 10:24 149 Головкин алдағы рематчтан қанша табыс табады

Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесудің қаржылық жағдайы әзірге беймәлім, алайда, боксшылар алғашқы кездесуден едәуір көп табысқа кенеледі, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ESPN-ге сілтеме жасап.

«Кәсіпқой бокстағы ең үлкен жекпе-жек тағы да бір рет өтетін болды. Головкин мен Альварес өткен жылдың қыркүйек айында T-Mobile аренасында кездесіп, жекпе-жекті тең аяқатған еді. Сол ұрыс ақылы телетрансляциялардан 1,3 миллион, сатылған билеттерден 27 миллион доллар көлемінде табыс тапқан еді. Көптеген бокс сарапшыларының пайымдауынша, қыркүйектегі рематч барлық цифрлардан асып түсіп, Головкин кемінде 40 миллион долларға қалтасын қалыңдатады» - деп жазады испан басылымы.        

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Головкин мен Альварестің екінші кездесуге келіскендігі туралы жазған едік.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал