08.09.2018, 19:36 642 «Головкин алғашқы айқаста басым түскен, бұл жолы да жеңеді» - UFC президенті

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында болатын рематчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

«Жекпе-жекке мен де барамын. Бізді аса қызық айқас күтіп тұр. Мен Головкинді бірінші кездесуде жеңді деп санаймын және алдағы айқаста ол тағы жеңеді», - деді Уайт.

GGG мен «Канело» арасындағы екінші жекпе-жек 16 қыркүйекте, Астана уақытымен 10:00-де басталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал