15.06.2018, 11:18 780 Головкин – Альварес рематчының алғашқы промо-ролигі жарияланды

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы WBС, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта самақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен реваншқа арналған алғашқы промо роликті жариялады.

Видеода боксшылардың бірінші жекпе-жегіндегі сәттер, сондай-ақ баспасөз мәслихатындағы сөйлеген сөздерінің үзінділері қамтылған. «Біз, жасауымыз тиіс дүниені істедік», - деді Альварес роликте.

Қазақстан және Месика боксшыларының екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Былтыр 16 қыркүйекте T-Mobile аренасында өткен бірінші айқас тең нәтижемен аяқталған болатын.

 

 

 

 

 

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал