11.10.2018, 9:43 478 Головкин бокстан кете ме

BoxingInsider.com сайты қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) болашағы туралы айтты.

«Головкин жақында берген сұхбатында бокстан кететінін астарлап айтып, көп уақытын отбасымен бірге өткізгісі келетінін мәлім еткен еді. Ол Альваресті ұзақ уақыт күте ала ма, бұл шынымен оның таңдаған жолы ма - бұл жағы әзірге белгісіз. Мәні бар жалғыз жол - осы айда болатын WBA «тұрақты» чемпионы Риота Муратаның Роберт Брантпен айқасының жеңімпазын күту. Головкин Муратамен Жапонияда айқасып, үлкен гонорарға кенелуі мүмкін. Бұл - оған ең тиімді нұсқа. «Канеломен» үшінші жекпе-жек әзірге белгісіз, себебі Головкиннің мүмкіндігі мен уақыты шектеулі», - деп жазды сайт.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал