26.07.2018, 17:41 717 Головкин Британияның бокс журналы P4P рейтингінде көш бастады

Британияның 1909 жылдан бері шығатын боксқа маманданған Boxing News журналы салмақ санатынан тыс үздік боксшылар (pound-for-pound) рейтингін жариялады.

Жаңа рейтингде қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин көш бастады. Оның ізін ала украиналық Василий Ломаченко келеді, үздік үштікті АҚШ өкілі Теренс Кроуфорд түйіндеді.

Головкиннің жаттығудағы серігі Мурат Гассиевті жеңген украиналық боксшы Александр Усик сегізінші орыннан бесінші сатыға бір-ақ көтерілді.

Boxing News журналының нұсқасы бойынша үздік ондыққа мына боксшылар кіреді:

1. Геннадий Головкин

2. Василий Ломаченко

3. Теренс Кроуфорд

4. Срисакет Сор Рунгвисаи

5. Александр Усик

6. Майки Гарсия

7. Лео Санта Круз

8. Наоя Иноуэ

9. Хорхе Линарес

10. Энтони Джошуа.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал