22.05.2018, 12:29 718 Головкин-Деревянченкоға қатысты келіссөз қайда өтетіні анықталды

Орта салмақтағы боксшылар Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко өкілдері таяу уақытта IBF-пен кездесіп, боксшылардың міндетті жекпе-жегі туралы талқылайды.
Бұдан бұрын IBF Головкинге қысқа уақыт беріп, оны әлем чемпионы титулын қорғау үшін 3 тамызда Деревянченкомен айқасуға міндеттеген еді. Олай болмаған жағдайда, қазақстандық титулынан айырылады. Алайда, GGG промоутері Том Леффлер ұйымнан бұл жекпе-жекті кейінге қалдыруына сұрады. Себебі, Геннадий WBC желісі бойынша мексикалық Сауль Альвареспен рематч өткізуді жоспарлап отыр.
Тыңдалым жергілікті уақытпен сейсенбі күні Ньюарк (Нью-Джерси штаты) қаласындағы қонақүйде өтеді. Оған Деревянченконың промоутері Лу ДиБелла, менеджер Кит Коннолли, сондай-ақ боксшының өзі және адвокаты қатысады. Екінші тараптан Головкин адвокатымен және промоутер Том Леффлер болады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал