05.09.2018, 12:44 741 Головкин допинг туралы шындықты айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бапкері Абель Санчесті неліктен құрметтейтінін айтты.

«Менің бүкіл мансабымда ешқандай тыйым салынған немесе заңсыз заттарды қоспағаны үшін Абельге алғыс айтамын. Ол маған бокста рұқсат етілмеген заттарды үйреткен жоқ. Осындай тамаша бапкерім бар екеніне ризамын», - дейді Головкин.

GGG 15 қыркүйекте рингке оралады. Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да мексикалық Сауль Альвареске қарсы екінші кездесуін өткізеді. Олардың алғашқы жекпе-жегінде тең нәтиже тіркеліп, бұл біраз дауға ұласқан болатын. Енді екі боксшы да кездесу тағдырын төрешілерге қалдырмақ емес.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал