23.05.2018, 16:06 776 Головкин допингке қарсы бағдарламаға тағы қатысады

Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA, WBC, IBF, IBO чемпионы Геннадий Головкин Ерікті допингке қарсы агенттігінің (VADA) жыл бойы жалғасатын бағдарламасы аясында допинг-тест тапсыруын жалғастырады, деп хабарлайды Sports.kz хабарлайды.

«VADA Геннадий Головкиннің 2018 жылғы 15 қыркүйекке дейін допингке қарсы бағдарламаға қайта қатысады», - делінген агенттіктің Туиттердегі парақшасында.

15 қыркүйекте Головкин мексикалық Сауль Альвареспен екінші кездесуін өткізуі мүмкін. Бұған дейін допинг қолданғаны үшін спорттан уақытша шеттетілген мексикалық боксшы да VADA-ның бағдарламасына қосылған болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал