24.10.2018, 17:46 1040 Головкин ESPN тұжырымы бойынша үздік орта салмақтағы өз орнын сақтап қалды

ESPN телеарнасының сайты барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Қазақстандық бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің өнер көрсететін дивизионында рейтингтің ең төменгі бөлігінде өзгеріс болған. Деметриус Эндрейд WBO әлем чемпионы титулын иеленгеннен кейін тоғызыншы орыннан жетіге көтеріліп, Давид Лемьені сегізінші орынға ығыстырды. Робу Брантудан жеңіліп қалған Риота Мурата ТОП-10-нан шығып қалып, оның қарсыласы тоғызыншы орын алды.

Алғашқы үштікті бұрынғыша Сауль Альварес, Геннадий Головкин және Дэниэл Джейкобс құрайды.

Үздік ондық мынадай:

1. Сауль Альварес

2. Геннадий Головкин

3. Дэниэл Джейкобс

4. Билли Джо Сондерс

5. Джермалл Чарло

6. Сергей Деревянченко

7. Деметриус Эндрейд

8. Давид Лемье

9. Роб Брант

10. Мартин Мюррей.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал