19.04.2018, 11:19 777 Головкин IBF белбеуінен айырылып қалуы мүмкін бе?

5 мамырда Геннадий Головкин америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен жұдырықтасатын болды.
Шетелдің бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, Геннадий Головкин IBF титулынан айырылмайды. Алайда алдағы жекпе-жекте аталған титулды сарапқа сала алмайды. Себебі Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Ванес Мартиросянға қарсы жекпе-жекке рұқсат берген жоқ. «IBF 5 мамырдағы жекпе-жекке рұқсат бермесе де, Головкинді өз белбеуінен айырмайтын болды. Аталған титулды ол 2015 жылы Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекте ұтып алған болатын», - деп жазды Los Angeles Times-тің журналисі Лэнс Пагмайр.
Оның сөзіне қарағанда, алдағы жекпе-жекте Головкиннің үш титулы - WBA Super, WBC мен IBO ғана сарапқа салынады.
Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Геннадий Головкинді украиналық боксшы Сергей Дервянченкомен кездесуге міндеттеген болатын. Оның промоутері Лу ДиБелла да GGG-мен жекпе-жек өткізуді талап етті. Екі боксшының командалары өзара келісімге де келді. Бүгін қазақстандық боксшы алдағы жекпе-жекті Ванес Мартиросянға қарсы өткізетінінтін ресми түрде жариялады. Ал АҚШ Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Сауль Альварес допинг қолданғанына қатысты өз шешімін шығарды.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал