14.07.2018, 9:15 666 Головкин - «Канело» айқасының PPV қандай болуы мүмкін

ESPN телеарнасының тілшісі Дэн Рафаэль өзінің чатында Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) - Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы рематчтың PPV-сатылымдары туралы айтты.

«Бірінщі жекпе-жек үшін PPV 1,3 миллион доллар. Бұл аз. Мүмкін екіншіні 2 миллионға жеткізу керек шығар. Алайда рематч 2 миллионға жете қоймас. Ол тек 1,5 миллион шамасында болады», - дейді ол.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес T-Mobile аренасында кездеседі. Қазақстандық боксшыға реванштан шамамен 40 миллион доллардан астам қаражат түсуі мүмкін. Де Ла Хойяның айтуынша, Головкинмен бір мәмілеге келу үшін жетпей тұрған соманы қалтасынан бөлуіне тура келген.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал