24.08.2018, 11:13 558 Головкин - «Канело» бокс кешіне өзгерістер енгізілді

Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) - Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) андеркардында өзгерістер болады.

Алдында бұл шоу аясында әйелдер арасындағы орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сесилия Брекхустың (34-0, 9 КО) жекпе-жекке шығуы жоспарланған еді. Қорытындысында норвегиялық бұл айтулы оқиғаға қатыспайтын болды. Boxingscene.com ақпаратында қарағанда, бұған Брекхустың өзіне лайықты қарсылас таба алмауы себеп.

Еске сала кетсек, Головкин - «Канело» рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал