05.09.2018, 15:27 613 Головкин - «Канело» екінші айқасына күтпеген бәсекелес табылды

Америкалық промоутер Ричард Шефер 30 қыркүйекке жоспарланған жартылай орта салмақтағы Виктор Ортис пен Джон Молинаның жекпе-жегін Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші айқасын қосқанда, күздің басты бокс оқиғасы болады деп үміттеніп отыр.

«Ортис пен Молинаның жекпе-жегі - қызықты бетпе-бет айқас. Бұл айқас осы жылдың үздік жекпе-жегі атағына үміткер бола алады. Мен бұдан бұрын осы қыркүйектің естен кетпейтінін айтқан болатынмын. Ортис - Молина айқасы стилистикалық тұрғыдан Головкин мен «Канелоның» екінші жекпе-жегінен немесе Дэнни Гарсия - Шон Портер кездесуінен де үздік әрі қызық болатынына сенемін», - деп атап өтті Шефер журналистерге берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің қарымта айқасы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал