28.07.2018, 12:22 548 Головкин - «Канело» рематчы: Әлем чемпионы рингке шығады

Бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (30-0, 25 КО) 15 қыркүйекте бокса Геннадий Головкин - Сауль «Канело» Альварес бокс кешінің андеркардында рингке шығады.
Боксшының есімі белгілі BoxRec.com сайтында кештің қатысушылары тізіміне енгізілді. 21 жастағы боксшының кіммен айқасатыны әзірге белгісіз. Мангуиядан басқа, кеш аясында Давид Лемье мен Гэри О'Салливан, сондай-ақ бұрынғы «P4P королі» Роман Гонсалес пен әлемнің абсолютті чемпионы Сесилия Брекхус рингке шығады.
Головкин мен Альварестің жекпе-жегі Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өтеді.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал