13.09.2018, 9:14 895 Головкин - «Канело» рематчы PPV-көрсетілімінің құны ресми жарияланды

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші жекпе-жегінің HBO телеарнасындағы ақылы көрсетілімінің құны қанша екенін ресми жариялады.

Америкалық жанкүйер осы жекпе-жекті тамашалау үшін 84,95 доллар (32 575) теңге төлейді.

Айта кетейік, Лас-Вегастың T-Mobile Arena аренасында өтетін бокс кешінің PPV картасына басты айқастан тыс, Давид Лемье - Гэри О'Салливан, Хайме Мунгия - Брэндон Кук және Роман Гонсалес - Мойзес Фуэнтес жекпе-жектері де кіргізілген.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал