20.08.2018, 12:29 683 Головкин - «Канело» рематчын британ телевидениесі көрсетеді

Белгілі промоутер Фрэнк Уоррен қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы екінші жекпе-жегі жаңа жобаның беташары болатынын айтты.

Танымал BT Sport телеарнасы ақылы PPV-көрсетілімдерге арналған Box Office жобасын іске қоспақ. Британия телевидениесінің тарихи жобасы Головкин - Альварес рематчымен басталады.

«Box Office жобасының беташары үшін неткен үлкен жекпе-жек!», -деп жазды Уоррен Twitter парақшасында.

Айта кетейік, ол орта салмақтағы WBO титулының иегері Билли Джо Сондерстің промоутері. GGG - «Канело» рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал