25.09.2018, 11:10 1049 Головкин - «Канело» рематчына сатылған билеттер қанша табыс әкелді

15 қыркүйек күні Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасында өткен рематчқа сатылған билеттерден түскен табыс мөлшері жарияланды.

ESPN Неваданың Атлеттік комиссиясына сілтеме жасап мәлім еткендей, T-Mobile Arena-дағы ойынды тамашалау үшін сатылған 16 732 билет 23 473 500$ табыс әкелген. NSAC ақпаратына сәйкес, промоутерлер бұдан бөлек тағы 1 451 тегін билет берген.

Осылайша, GGG мен «Канелоның» рематчы бокс тарихындағы ең көп табыс әкелген жекпе-жектер көрсеткішінде төртінші орынға жайғасты. Боксшылардың былтырғы алғашқы кездесуі 27 059 850$ доллар әкеліп, үшінші орында тұрған еді. Екінші орынға Флойд Мэйвезер - Мэнни Пакьяо (72 198 500$) айқасы табан тіресе, Флойд Мэйвезер - Конор Макгрегор (55 414 865.79$) кездесуі тізімде көш бастап тұр.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің қарымта кездесуі төрешілердің шешіміне сәйкес мексикалықтың жеңісімен аяқталған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал