18.10.2018, 15:22 945 Головкин - «Канело» жекпе-жегіне не кедергі болуы мүмкін

Boxingnews24.com сайтының колумнисі Майк Смит орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин жобаның шектеулі қаржылық мүмкіндіктері себебімен DAZN стримингтік қызметімен келісімшарт жасамайтынына қатысты алаңдаушылық білдірді.

Кеше DAZN мексикалық Сауль «Канело» Альварестің 11 жекпе-жегін көрсетуге бесжылдық келісім жасасқан. Альварес сол үшін кепілді түрде 365 миллион доллар көлемінде табыс табады. Промоутер Эдди Хирн егер GGG Альвареспен үшінші айқасын өткізгісі келсе, оған DAZN-мен ынтымақтастықты бастауға тура келетінін айтты.

«Канелоның» DAZN-мен келісімшартқа қол қою шешімі компанияға тамаша артықшылық беріп отыр, бірақ оның әзірге басқа үлкен есімдермен ынтымақтаса алу-алмауы белгісіз. DAZN-ның қалтасы түпсіз емес. Головкиннің DAZN-мен келісімге келуіне «Канеломен» жасалған үлкен келісімшарт кедергі болуы мүмкін. Мексикалық боксшы 11 жекпе-жегі үшін 365 миллион доллар ақша тапса, DAZN-ға жазылса, GGG бұл соманың аз ғана бөлігін алады. Яғни, егер олар Головкинге тура сондай тиімді ұсыныс жасамаса, ашуына тиюі әбден мүмкін. Бокс көрермені Головкинді «Канеломен» болған екі айқастың жеңімпазы деп санап отыр ғой», - деп жазады Смит.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал