15.08.2018, 15:46 679 Головкин - «Канело» жекпе-жегіне соңғы өлшену рәсімі қайда және қашан өтеді

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта жекпе-жек алдындағы таразыға соңғы өлшену рәсімінің өтетін жері мен уақыты белгілі болды.

Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, таразыға өлшену рәсімі айқас қарсаңында бокс кеші болатын Лас-Вегастегі T-Mobile аренасында өтеді.

«Өлшену рәсімі жұма, 14 қыркүйекте T-Mobile аренасында болады. Жақын арада жекпе-жек апталығында болатын оқиғалар кестесі әзірленеді», - деп жазды Т. Леффлер өзінің твиттердегі парақшасында.

Еске салайық, Головкин-Альварес II айқасы 15 қыркүйекте АҚШ-тағы HBO PPV жүйесі арқылы таратылатын болады. Қазақстандық көрермендер үшін жекпе-жек 16 қыркүйек күні таңғы уақытта көрсетіледі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал