27.04.2018, 13:07 880 Головкин «Канеломен» өтуі мүмкін екінші жекпе-жектің шарттарын атады

WBA/WBC/IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин күзде болуы ықтимал «Канело» Альвареспен жекпе-жекке қатысты өз пікірін білдірді.
«Мен жылына үш-төрт рет жұдырықтасуға әзірмін. Егер Сауль күзге дейін дайын болса, бұл жекпе-жекті көрермендердің назарына ұсынамыз. Ал әзірге мен нақты болатын жекпе-жекке (Мартиросянмен) дайындалудамын», деп жазады Головкиннің сөзіне сілтеме жасаған Boxingscene.com.
Головкин кезекті жекпе-жегін 5 мамырда Карсондағы (Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өткізеді. Қарсыласы американдық боксшы Ванес Мартиросян.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал